Семейде Бейбітшілік аралында Рәміздер алаңы ашылды
Автор: Редакция konkretno.kz
Абай күні Семейде Солтүстік Қазақстан облысы қалаға сыйлаған жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік ашылды.

10 тамызда, Абай күні Семейдегі Бейбітшілік аралында Рәміздер алаңының ашылу рәсімі өтті. Бұл – Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында салынған, Солтүстік Қазақстан облысының сыйы.
Рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кенесов қатысты. Алаң акция аясында ашылған алғашқы нысан болды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Источник: Абай облысының әкімдігі
Нашли ошибку? Напишите в news@konkretno.kz


